Жәнібек Әлімханұлы да Олимпиадаға барады (видео)

Жәнібек Әлімханұлы да Олимпиадаға барады (видео)
Фото: vk.com

75 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын боксшы Жәнібек Әлімханұлы да Рио Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Отандасымыз Қытайдың Цяньань қаласында өтіп жатқан Олимпиадаға іріктеу турнирінің жартылай финалында моңғол боксшысы Шинабаяр Нармандахты ұтты.

Жәнібек Әлімханұлы моңғол боксшысын техникалық нокаутпен жеңді. Екінші раундтан кейін төрешілер жекпе-жекті тоқтатып, отандасымызды жеңімпаз деп таныды. Нәтижесінде қазақстандық боксшы Рио Олимпиадасының жолдамасына ие болды.

Жәнібек финалда қытайлық Мингганг Жаомен жұдырықтасдаы.

Айта кетейік, жаңа ғана 64 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жүсіпов Рио Олимпиадасының жолдамасын иеленген еді. Абылайхан да, Жәнібек те Олимпиада ойындарына алғаш рет бармақ. 

Ө. Сансызбай