Грузия мен Қазақстан құрамалары тең ойнады

Серікбол Ерсін Корреспондент
Грузия мен Қазақстан құрамалары тең ойнады
Фото ©️ vesti.kz

Футболдан Грузия мен Қазақстан құрамасы арасындағы жолдастық кездесуде қос құрам тең ойнап, 1-1 есебімен тарқасты. Уақыттың алғашқы минуттарынан-ақ грузин футболшылары қарқыншы шабуыл жасаумен болды. Алайда оған қарамастан алаң иелері қазақстандық футболшы Азат Нұрғалиевтың грузин қақпашысына салған голынан кейін ғана нәтижелі есепке қол жеткізе алды.

БӨЛІСУ

Ойынның екінші таймында қазақстандық футболшылар бірнеше жақсы шаубылдар ұйымдастырып, қауіпті сәттермен алаң иелерін біраз әуреге салды. Грузия құрамасының ойыншылары өз кезегінде өздеріне берілген бірнеше бұрыштама доптарын дұрыс пайдалана алған жоқ. Нәтижесінде есеп 1-1 есебімен аяқталып, ойыншылар тең ойнады.

Айта кетейік, Грузия футбол құрамасын алматылық "Қайрат" клубының бұрынғы жаттықтырушысы Владимир Вайсс жаттықтырады.