Қазақ футболшылары Әзірбайжан құрамасын ұтты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Қазақ футболшылары Әзірбайжан құрамасын ұтты (видео)
Фото ©️ vesti.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияның Анталья қаласында Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Тартысқа толы өткен ойындағы жалғыз гол бірінші таймда соғылды. Бауыржан Исламханның әуелете асырған добын Мақсат Байжанов қарсыластар қақпасына баспен дәл тоғытты. Нәтижесінде қарағандылық «Шахтер» клубының ойыншысы ұлттық құрамаға жеңіс сыйлаған голды соқты.  

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасын отандық футбол мамандары Талғат Байсуфинов, Нұркен Мазбаев, Юрий Новиков пен Андрей Феропонтов жаттықтыруда.

29 наурыз күні Қазақстан құрамасы Тбилисиде Грузия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.