Иса Ақбербаев 30 сәуір күні шаршы алаңға шығады

О Сансызбай Корреспондент
Иса Ақбербаев 30 сәуір күні шаршы алаңға шығады
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иса Ақбербаев 30 сәуір күні спорттық мансабындағы 17-ші жекпе-жегін өткізеді. Сондай-ақ отандасымыз бірінші ауыр салмақта (90,7 келі) GBC (Global Boxing Council) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайтын болады.

БӨЛІСУ

Қазақстандық боксшы өз жекпе-жегін Дания елінде өткізеді. Әзірге 12 раундқа жоспарланған кездесуде отандасымыздың қарсыласы анықталған жоқ. Бір анығы, Иса Ақбербаевтың кездесуі бокс кешінің басты жекпе-жегі болмақ екен.

Айта кетейік, Иса Ақбербаев кәсіпқой бокстағы соңғы кездесуін өткен жылдың маусым айында өткізген болатын.