Енді кәсіпқой боксшылар Олимпиадаға қатыса алады

Серікбол Ерсін Корреспондент
Енді кәсіпқой боксшылар Олимпиадаға қатыса алады
Фото ©️ www.sports.kz

Әуесқой бокстың халықаралық ассоциациясы (AIBA) кәсіпқой боксшыларға Олимпиада ойындарына қатысуға түбегейлі рұқсат берді.

БӨЛІСУ

AIBA президенті Чинга-Куо Вудың айтуынша, кәсіпқой боксшылар биыл жазда Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиадаға да қатыса алады. Алдағы бірнеше ай ішінде кәсіпқой боксшылардың Олимпиадада бақ сынауына кедергі болатын барлық мәселе түбегейлі шешіледі.

Айта кетейік, мұндай шешім ұйымның Манчестерде өткен отырысы барысында қабылданды.