Дәулет Ниязбеков Азия чемпионы атанды

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Дәулет Ниязбеков Азия чемпионы атанды
Фото ©️ vesti.kz

Таиланд астанасы Бангкокта ұйымдастырылған күрес түрлерінен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Жарыстың соңғы күні жарыс жолына шыққан қазақстандық еркін күрес шеберлері 1 алтын 1 күміс 1 қола жүлде жеңіп алды.

БӨЛІСУ

Қоржынға түскен алтын жүлдені 61 келіге дейінгі салмақта Дәулет Ниязбеков иеленді. Ол финалда Иран балуаны Бэхнам Иснаг Эхсанпурді екінші жыл қатарынан жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінді. Ол 2013 жылы Делиде, 2014 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында қола медаль алған болатын.

125 келіге дейінгі салмақта белдескен Дәулет Шабанбай күміс жүлдені қанағат тұтты. Қазақстандық балуан финалда ирандық Парвиз Барманиден жеңілді. Ал 86 келіге дейінгі салмақта Аслан Кахидзе қола жүлде жеңіп алды.

Аслан Кахидзе