Чемпиондар лигасының жаңа добы таныстырылды

Чемпиондар лигасының жаңа добы таныстырылды
Фото: torshovsport.no

Спорттық тауарлар өндіретін «Adidas» компаниясы 2015/2016 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының плей-офф және финалдық кезеңінің жаңа добын таныстырды.

Бұл маусымдағы Чемпиондар лигасының финалы Италияның Милан қаласындағы «Сан-Сиро» стадионында өтеді. Ойын 28 мамырға жоспарланған.

Айта кетейік, бүгін түнде Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы ойындар басталады. Лиссабонда жергілікті «Бенфика» мен Ресейдің «Зенит» клубы, Парижде «ПСЖ» мен лондондық «Челси» кездеседі. 

Ө. Сансызбай