Серена Уильямс «Australian Open» турнирінің финалында жеңіліс тапты

Серена Уильямс «Australian Open» турнирінің финалында жеңіліс тапты
Фото: massaget.kz

Танымал теннисші Серена Уильямс «Australian Open» турнирінің финалында неміс қызы Ангелика Керберден жеңіліс тапты. Аса тартысты өткен корттағы кездесу 2 сағат 8 минутқа созылды.

Бірінші сетте неміс теннисшісі Серенаны 6:4 есебімен жеңіп шықты. Алайда екінші сет америкалық тениисшінің пайдасына шешілді. Есеп: 3:6. Үшінші сет 6:4 есебімен Ангелика Кербердің пайдасына шешіліп, алғаш рет спорттық мансабындағы ірі жетістігін бағындырды. Ол осыған дейін 2011 жылы US Open, 2012 жылы Уимблдон жарысының жартылай финалына шыққан.

Айта кетейік, ерлер арасындағы чемпиондық атақты ертең Новак Джокович пен Энди Маррей сарапқа салатын болады.

Ө. Сансызбай