Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Спорт / Жаңалықтар / Месси «Алтын допты» бесінші рет иеленді

Месси «Алтын допты» бесінші рет иеленді

Месси «Алтын допты» бесінші рет иеленді

Швейцарияның Цюрих қаласында футболдан 2015 жылдың ең жоғарғы мәртебелі сыйлықтары табысталды. Жекелей ойыншыға берілетін барлық марапаттар өз иелерін тапты.

Цюрих қаласында өткен салтанатты кеште мәртебелі «Алтын доп» жүлдесін Лионель Месси иеленді. 2015 жылы «Барселона» және Аргентина құрамасының футболшысы бұл атаққа лайықты тер де төге білді. Нәтижесінде бұл сыйлықты бесінші рет жеңіп алды, және бұл сыйлықты бесінші рет иеленген жалғыз ойыншы.

Мессидің 2015 жылғы жетістіктері

Марапаттау рәсімінде Месси «Барселона» және Аргентина құрамасына өз алғысын білдірді. Өміріндегі қуанышты сәттердің бірі екенін де айтты. Осыған дейін әлем бұқаралық ақпарат құралдарының болжамы шындыққа айналды.

Үздік футболшыға дауыс беру қорытындысы:

Месси: 41.33%

Роналду: 27.76%

Неймар: 7.86%

Әйелдер арасында жылдың үздік футболшысы болып АҚШ ұлттық құрамасы жартылай қорғаушысы Карли Ллойд танылды.

Каталондық «Барселона» клубының бас маманы Луис Энрике жылдың үздік жаттықтырушысы атанды. Ол 2015 жылы командасымен Еуропадағы барлық ірі турнирде топ жарды.  

2015 жылдың ең үздік голына берілетін «Пушкаш сыйлығын» Вендел Лира ие болды. Бразилия чемпионатының төртінші дивизионында ойнайтын футболшы үздік голға таласта Лионель Месси мен Алессандро Флоренциді басып озды.

Үздік голға дауыс беру қорытындысы:

Венделл Лира («Гояс»): 46.7% 
Лионель Месси («Барселона»): 33.3% 
Алессандро Флоренци («Рома»): 7.1%

Цюрихтегі марапаттау кешінде 2015 жылдың символдық құрамы да жарияланды. Тізімге төрт «Барселона» мен  «Реал» ойыншысы енген. Месси мен Роналду бұл тізімге төртінші жыл қатарынан еніп отыр. Жылдың үздік қақпашысы болып Мануэль Нойер танылды. Алайда «Бавария» қақпашысы марапаттау рәсіміне келлген жоқ. «Реал» ойыншысы Лука Модрич бірінші рет бұл тізімге енді.

Өзге де марапат иелері:

Джил Эвис – 2015 жылғы әйелдер арасындағы ең үздік бапкер.

Джеральд Асамоа – 2015 жылдың ең әділ футболшысы сыйлығына ие болды.

Fair-Play Award марапаты босқындар мен балаларына көмек қолын созған барлық клубтарға берілді.

Фото: vk.com
Қосылған күні: 12 қаңтар 2016, 00:25

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->