Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен жолдастық кездесу өткізеді
Фото: kff.kz

Қазақстан футбол қауымдастығы мен Әзірбайжан футбол қауымдастығы екі елдің ұлттық құрамалары арасында жолдастық кездесу өткізу жөнінде келісімге келді. Бұл туралы ҚФФ ресми сайты хабарлап отыр. 

Ойын 26 наурыз күні Түркияның Анталия қаласында өтеді.

Айта кету керек, Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде 4 ойын өткізіп, 3 рет жолдастық кездесу ойнады. Екі ойында Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, екі ойында Әзірбайжан құрамасы басым түскен. Ал, үш ойын тең аяқталған. Екі құрама арасындағы соңғы ойын 2011 жылы өтті. 

Ө. Сансызбай