Головкин – Альварес жекпе-жегі өтпейді – Серхио Мартинес

Головкин – Альварес жекпе-жегі өтпейді – Серхио Мартинес
Фото: youtube.com

Орта салмақта WBC және WBO тұжырымдары бойынша әлемнің экс-чемпионы Серхио Мартинес Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек ешқашан өтпейтінін мәлімдеді.

- Менің ойымша, «Канело» мен Головкин арасындағы жекпе-жек ешқашан болмайды. Болмаса қазақстандық боксшы қандай да бір әлсіздік кезеңіне жеткенде ұйымдастырылуы мүмкін. «Канело» - мықты боксшы, алайда Головкин бұл салмақтағы талассыз бірден-бір үздік.  Сондықтан да бұл жекпе-жек өтпейді деп ойлаймын, - деді аргентиналық боксшы.

Айта кетейік, WBC қос боксшының кездесуін міндеттеген болатын. Кейіннен екі боксшы да өзара жұдырықтасар алдында бір-бір жекпе-жек өткізіп алуға келіскен еді. Боксшылардың командасы мамыр айының соңына дейін бір-бірімен келіссөздер жүргізіп, кездесу уақытын белгілеулері тиіс. Алдын ала болжанғандай, Головкин мен Альварес арасындағы шаршы алаңдағы шайқас 2016 жылдың қыркүйек айында өтуі мүмкін.

О. Сансызбай