«Барыс» демалыстан кейінгі сапарын жеңіспен бастады (видео)

О Сансызбай Корреспондент
«Барыс» демалыстан кейінгі сапарын жеңіспен бастады (видео)
Фото ©️ vk.com

Құрлықтық хоккей лигасында ел намысын қорғайтын «Барыс» демалыстан кейінгі түздегі ойынын жеңіспен бастады. Андрей Назаров жаттықтыратын ұжым Новокузнецкіде жергілікті «Металлург» клубын 6:2 есебімен ойсырата жеңді.

БӨЛІСУ

«Барыс» соңғы ойынында Владивостоктың «Адмирал» клубынан екі рет қатарынан ұтылған болатын. Бүгін соның есесін Ресейдің екінші бір клубынан қайтарды. Новокузнецкіде «Металлург» клубын 6:2 есебімен ұтып, жанкүйерлерін бір желпіндірді.

Қазақстандық клуб келесі ойынын 24 желтоқсан күні Новосибирскіде "Сибирь" клубына қарсы өткізеді.

"Металлург" (Новокузнецк) – "Барыс" – 2:6

Голдар:

0:1— Худяков (Савченко, Краснослободцев), 04:11 (артық құрам)
0:2 — Липин, 09:41
0:3 — Доус (Бойд), 15:56 (артық құрам)
0:4 — Бойд (Боченски), 21:52
0:5 — Ландин (Боченски, Даллмэн), 32:26
1:5 — Коусал (Манухов, Фэйрчайлд), 38:33, (артық құрам)
2:5 — Мусин, 39:40
2:6 — Худяков (Пушкарёв, Лацо), 48:35

«Металлург» Новокузнецк: Кареев 00:00-21:52, Подъяпольский 21:52-60:00 — Фэйрчайлд—Манухов, Коусал—Полищук—Плотников; Кукле —Лямкин, Ердаков—Земченко—Лебедев; Щукин—Неколенко, Мусин—Семенов —Достойнов; Амиров—Скутар, Караваев—Разумов—Бутузов;

"Барыс": Лацо — Даллмэн—Ландин, Доус—Бойд—Боченски; Семенов—Савченко, Краснослободцев—Худяков—Пушкарёв; Трясунов—Липин, Сен-Пьер—Соларев—Михайлис; Лобанов—Метальников, Жайлауов—Романов—Паньшин;

Айып уақыты: 8:8 (6:2, 0:4, 2:2)