Илья Ильин РФ президенті кубогында екі әлем рекордын жаңартты (видео)

Илья Ильин РФ президенті кубогында екі әлем рекордын жаңартты (видео)
Фото: vk.com

Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Грозныйда өтіп жатқан РФ президенті кубогында әлем рекордын жаңартып, чемпиондық атаққа қол жеткізді. Отандасымыз серпе көтеру мен қос жаттығу қорытындысы бойынша да рекорд тіркеді.

Илья Ильин жұлқа көтеру жаттығуын 184 келіден бастады. Екінші мүмкіндігінде 188 келіні ырқына бағындыра алмады. Есесіне үшінші мүмкіндігінде үш келі қосып, 191 келіні басынан асырды. Ал Александр Зайчиков бірінші жаттығуында үш мүмкіндігін де пайдалана білді. Үздік көрсеткіші 190 келіні құрады. Нәтижесінде қазақстандық екі спортшы кіші алтын мен күміс жүлдені иеленді. 

Жұлқа көтеру жаттығуын Александр Зайчиков 210 келіні көтерумен бастады. Одан кейін 220 келіні, үшінші мүмкіндігінде 226-ны ырқына бағындыра білді. Ал Илья Ильин бірінші мүмкіндігінде 225 келіге тапсырыс беріп, оңай көтеріп шықты. Нәтижесінде бірінші мүмкіндігінен кейін-ақ РФ президенті кубогының жеңімпазы атанды. Екінші мүмкіндігінде 246 келіге тапсырыс беріп, әлем рекордын жаңартты. Бір емес, екі әлем рекордын жаңартты. Серпе көтеру мен қос жаттығу қорытындысындағы әлем рекорды енді қазақстандық спортшының еншісінде. 

Серпе көтеру жаттығуы бойынша осыған дейінгі әлем рекорды Илья Ильинге тиесілі болатын. Оны 2014 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында тіркеген еді. Ал 105 келіге дейінгі салмақтағы қос жаттығу бойынша әлем рекорды беларус спортшысы Андрей Арямновтың еншісінде еді. Енді бұл рекорд та 437 келіні ырқына бағындырған Ильяның еншісінде. 

Жарыс соңынан Илья Ильин жеңісін ҚР тәуелсіздігі мерекесіне арнады.                                        

191 келіні бағындырса, серпе көтеруде 246 келіні көтеріп, әлем рекордын жаңартты. Күміс жүлде де Қазақстан құрамасының қоржынына түсті. Хьюстонда өткен әлем чемпионатында топ жарған Александр Зайчиков күміс медальды қанағат тұтты. 

Айта кетейік, осыған дейін қыздар арасында 75 келіге дейінгі салмақта Светлана Подобедова күміс жүлде алған еді. Сондай-ақ, 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Денис Уланов та күміс жүлдені қоржынға салды. Отандасымыз екі жаттығудың қорытындысы бойынша 394 (175 +219) келіні бағындырып, ресейлік Адам Малиговтан 3 келіге қалып қойды. 

Бұл салмақта өнер көрсеткен Рүстем Сыбай 378 (166+212) келі көтеріп, төртінші орынды қанағат тұтса, Ермек Өміртай (350 келі) мен Семен Линдер (312 келі) тоғызыншы және он екінші орындардан көрінді. 

Ө. Сансызбай