Қазақстандық Арман Оспанов самбодан үш дүркін әлем чемпионы атанды

Серікбол Ерсін Корреспондент
Қазақстандық Арман Оспанов самбодан үш дүркін әлем чемпионы атанды
Фото ©️ vk.com

Қазақстандық Арман Оспанов самбодан үш дүркін әлем чемпионы атанды. Чемпионат Мароккода өтті.

БӨЛІСУ

Оспанов алтын медальді 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңді. Финалда ол ресейлік самбошы Рашад Мурадовпен кездесті. Сонымен қатар бірнеше қазақстандық самбошы жүлделі қайтты.

Осыған дейін Арман Оспановтың ресейлік спортшы Расул Мирзаевпен кездесетіні хабарланған болатын. Жекпе-жек 17 қазанға жоспарланған еді. Кейін Мирзаев қазақстандық Alash Pride клубымен ешқандай келісімшарттың болмағанын мәлімдеді.

 

Дереккөз: tengrinews