Головкин әлемге тез танылып келе жатыр – Абель Санчес

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Головкин әлемге тез танылып келе жатыр – Абель Санчес
Фото ©️ tn.kz

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының әлемге тез танылып келе жатқанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz

БӨЛІСУ

Бүгін түнде Головкин мен оның бапкері және промоутер Том Леффлер Сан-Антониода (Техас) медиа-ланч өткізді.

"Біз Геннадийдің Техаста жанкүйерлері көп екенін білдік. Біз жаңа ғана Қытайдағы WBC Конвенциясынан оралдық. Ол әлемге тез танылып келе жатыр", – деді Санчес. 

Еске сала кетейік, Головкин "Даллас Ковбойз" пен "Филадельфия Иглз" арасындағы ҰФЛ-дың матчында арнайы қонақ болған еді. "Даллас Ковбойз" клубының иесі Джерри Джонс Головкинге 1 деген нөмір жазылған жемпір табыс етті.