"Қайрат" – "Ордабасы" матчын KAZsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді

Мақпал Бисембаева Корреспондент
"Қайрат" – "Ордабасы" матчын KAZsport арнасы тікелей эфирде көрсетеді
Фото ©️ massaget.kz

8 қарашада Қазақстан премьер-лигасының 32-туры аясында алматылық "Қайрат" пен шымкенттік "Ордабасы" футбол клубтары шешуші кезеңде бақ сынасады. 

БӨЛІСУ

Матчты "KAZsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, – деп жазады Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телерадиокорпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Айта кетейік, «Қайрат» футбол клубы чемпиондық шайқаста «Астана» футбол клубынан бір ұпай артта келеді. Премьер-лиганың 31-ші кезеңінен кейін 42 ұпай жинаған «Қайрат» екінші орында болса, «Ордабасы» турнир кестесінің 4 қатарын иеленген.

Бұл командалардың тағдырын финалдық матч шешеді. Тартыста астаналық клуб өз мүмкіндігін жіберіп алса да, Қазақстан чемпионы атағын иеленуге мүмкіндік бар.