Қанат Ислам мен Жанат Жақияновтың жекпе-жектерін қайдан көруге болады?

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Қанат Ислам мен Жанат Жақияновтың жекпе-жектерін қайдан көруге болады?
Фото ©️ facebook.com

7-8 қараша күні кәсіпқой бокста жүрген қос боксшымыз шаршы алаңға шығады. Жанат Жақиянов (25-1, 18 КО) WBA (Interim) тұжырымы бойынша әлем чемпионы венесуэлалық Йонфрес Парехомен (17-1-1, 8 КО) кездеседі. Сондай-ақ Қанат Ислам Доминикан Республикасының боксшысы Джонатан Батистамен жұдырық түйістіреді.

БӨЛІСУ

Жанат Жақияновтың жекпе-жегін бүгін «KAZsport» телеарнасы сағат 23:45-те тікелей эфирде көрсетеді. Ал Қанат Ислам 8 қараша күні таңғы сағат 8:00-де жұдырық түйістіреді. Майамиде өтетін бұл жекпе-жекті тікелей эфирде NBC Sports Network арнасы көрсететін болады. Тікелей эфирде төмендегі үш сілтеме арқылы тамашалай аласыздар:

1) http://vk.cc/2g5Vhx
2) http://vk.cc/4nVzqM
3) http://vk.cc/4nVA3J

Айта кетейік, Қанат Ислам бірінші орта салмақта «WBA Fedelatin» атағын екінші рет қорғайтын болады.