Винокуров велосипедтерін сатуды табыс көзіне айналдырды

Винокуров велосипедтерін сатуды табыс көзіне айналдырды
Фото: astanafans.com

Олимпиада чемпионы Александр Винокуров велосипедтерінің бірін Шымкентте сататын болды.

1 қараша күні өтетін велошеруден соң чемпион велосипедінің жаңа иесінің есімі белгілі болады. ОҚО велоқауымдастығының төрағасы Рауан Берікұлының айтуынша, сауда аукцион түрінде өтеді.

Бұл күні сондай-ақ спортшының жеке топтамасынан бірнеше веломайкалар да сатылымға шығарылады. Естеріңізге сала кетейік, 1 қараша күні Шымкентте қайырымдылық велошеру ұйымдастырылып жатыр.Оған Александр Винокуровтан басқа Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Илья Ильин қатысады деп күтілуде.

Велошеру мен аукционның мақсаты – велоспорттың дамуына қолдау көрсету. Қайырымдылық шарасынан түскен барлық қаржы спорт мектептеріне велосипед және өзге де жабдықтар сатып алуға жұмсалады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Винокуров өзінің бірнеше велосипедін сатып үлгерген болатын.

Дереккөз: nur.kz

Е. Жұмабайұлы