Головкинге ыңғайсыз қарсылас саналатын боксшының есімі аталды

О Сансызбай Корреспондент
Головкинге ыңғайсыз қарсылас саналатын боксшының есімі аталды
Фото ©️ boxingnews.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің бас жаттықтырушысы Абель Санчес шәкіртіне ыңғайсыз қарсылас санайтын боксшының есімін атады. Бұл туралы boxingscene.com хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Абель Санчес кезекті сұхбатында Геннадий Головкинге ыңғайсыз қарсылас ретінде америкалық Питер Куиллиннің есімін атады. Орта салмақта әлемнің экс-чемпионы жұдырықтасу стилі бойынша отандасымызға айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін екен.

- Куиллин жұдырықтасу стилі бойынша Головкинге айтарлықтай қарсылық танытуы мүмкін. Алайда онымен Головкиннің шаршы алаңда жұдырықтасуы екіталай. Әрине, барлығы Питердің өзіне байланысты. Бірақ ол ірі көлемде сыйақы алуды мақсат тұтады, - деді Абель Санчес.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен бапкерлері келесі кездесуін 2016 жылдың ақпан айында өткізуді жоспарлап отыр. Сауль Альварес пен Мигель Котто арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы отандасымызбен жұдырықтасуы тиіс. Егер бас тартқан жағдайда WBC тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағы отандасымызға беріледі.