Таразда "Еуразия барысы" халықаралық турнирі басталды

Таразда "Еуразия барысы" халықаралық турнирі басталды
Фото: massaget.kz

Таразда қазақ күресінен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып ұйымдастырылған үшінші "Еуразия барысы" халықаралық турнирі басталды. Додаға 8 мемлекеттің құрамалары қатысуда. 

Жарысты Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев ашты. 

Үшінші «Еуразия барысы» халықаралық турниріне Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Польша, Ресей, Түркия, Өзбекстан және Қазақстан құрамалары қатысады. Командалық түрде өтетін белдесулерде балуандар 7 салмақ дәрежесі бойынша (55, 66, 74, 82, 90, 100, +100 кг) боз кілемге шығады.

Айта кетейік, 2013 жылғы «Еуразия барысында» қазақ балуандары финалда моңғолдарды жеңіп, жеңіс тұғырынан көрінген болатын. Ал өткен жылы қазақтың қайталанбас тұлғасы Балуан Шолақтың (Нұрмағамбет Баймырзаұлы) 150 жылдық мерейтойына арналып өткізілген додада моңғол балуандары финалда Қазақстан құрамасын жеңіп, бір жыл бұрын кеткен есесін қайтарды. Биыл да «Еуразия барысының» басты фавориттері ретінде моңғолдар мен қазақтарды айтуға болады.

Ө. Сансызбай