Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама алды
Фото: vk.com

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылы Сербияда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. Отандастарымыз қарымта ойында Босния және Герцеговинаны 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

Бразилиялық бапкер Какау жаттықтыратын ұлттық құрама топтық кезеңде екінші орын алып, плей-офф кезеңінде жолдама иеленуге мүмкіндік алған еді. Жеребе бойынша плей-офф кезеңінде Қазақстан құрамасына Босния және Герцеговина қарсылас атанды. 15 қыркүйек күні сырт алаңда өткен ойында отандастарымыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өткен қарымта ойында Қазақстан құрамасы қарсыластарынан тағы да ірі есеппен басым түсті.  Қос ойын қорытындысы бойынша 9:0 есебімен жеңіске жеткен Какау шәкірттері Еуропа чемпионатына жолдама алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына тұңғыш рет жолдама алып отыр. Дүбірлі дода 2016 жылдың 2-13 ақпан аралығында Сербия астанасы Белградта өтеді.  

Ө. Сансызбай