Сабина Алтынбекова спорттық мансабын Жапонияда жалғастырады

О Сансызбай Корреспондент
Сабина Алтынбекова спорттық мансабын Жапонияда жалғастырады
Фото ©️ vesti.kz

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова Жапонияның «GSS Sunbeams» клубына ауысты. Бұл туралы vesti.kz cайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Сабина Алтынбекова жапониялық клубтың сапына тамыз айында ауысқан. Бір айдан астам уақыттан бері команда сапында жаттығып келген ойыншы алдағы уақытта ресми ойындарға қатыспақ. Клуб спортшымен келісімшарт құрғанын хабарлағанмен, мерзімі туралы ақпарат жариялаған жоқ.

«GSS Sunbeams» клубы – жергілікті Жапония чемпионатының екінші дивизионында бақ сынайтын ұжымдардың бірі. Клуб Токиода құрылған. Қазақстандық волейболшымен толыққан команда қараша айының ортасында «V.Challenge Ligue» чемпионатына қатысады.

Айта кетейік, сұлулығымен әлемді тамсандырған Сабина осыған дейін «Алматы» волейбол клубының сапында өнер көрсетіп келген болатын.