Данияр Елеусінов екі дүркін Азия чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Данияр Елеусінов екі дүркін Азия чемпионы атанды
Фото ©️ vk.com

Бокстан Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатында Данияр Елеусінов чемпион атанды. Отандасымыз финалда филиппиндік боксшы Эумир Марсиалды айқын басымдықпен жеңді.

БӨЛІСУ

Қазақстан құрамасы Данияр Елеусіновтің жеңісінен кейін жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Ал ұлттық құрама капитаны спорттық мансабында екінші рет Азия чемпионы атанып отыр. 2013 жылы Иордания астанасы Амманда өткен додада да жеңіс тұғырынан көрінген еді.

Алдағы уақытта Әділбек Ниязымбетов, Иван Дычко мен Василий Левит алтынға таласатын болады. Ал осыған дейін Олжас Сәттібаев Азия чемпионы атанса, Закир Сафиуллин күміс медальды қанағат тұтқан еді.