Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуін жеңіспен бастады

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеуін жеңіспен бастады
Фото ©️ vk.com

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Босния және Герцеговина жастарын ұтты. Сырт алаңда өткен ойында отандастарымыз қарсыластарынан 2:1 есебімен басым түсті.

БӨЛІСУ

Саулюс Ширмялис шәкірттері топтағы бірінші ойынын сырт алаңнан бастады. 27 минутта Қазақстан жастары сапынан Мирас Тулиев есеп ашты. Бірінші тайм аяқталар тұста Абат Айымбетов есепті еселей түсті. 58 минутта Босния және Герцеговина құрамасы сапынан Харис Хайрадинович нәтижені қысқартты. Ойын соңына дейін есеп сақталып, Қазақстан жастар құрамасы топтағы бірінші ойынын жеңіспен бастады.

Қазақстан жастар құрамасы бақ сынайтын тоғызыншы топта Босния және Герцеговинадан бөлек Англия, Норвегия және Швейцария құрамалары бар.

Саулюс Ширмялис шәкірттері келесі кездесуін 7 қыркүйек күні Алматыда Швейцария жастарына қарсы өткізеді.