«Барыс» Челябинскіде «Трактордан» ұтылды

«Барыс» Челябинскіде «Трактордан» ұтылды
Фото: vk.com

Құрлықтық хоккей лигасында бақ сынайтын Астананың «Барыс» клубы Челябинскіде жергілікті «Трактормен» кездесіп, 2:1 есебімен жеңіліс тапты.

«Трактор» ойыншылары бірінші және екінші айналымда «Барыс» қақпасынан саңылау таба білді. 6 минутта Семен Кокуев белсенсе, екінші кезеңнің 9 минутында Франсис Паре есепті еселей түсті. Үшінші кезеңде қазақстандық клуб сапынан Вадим Краснослободцев есепті қысқартқанымен, таразы басын теңестіре алмады.

Айта кетейік, «Барыс» 30 тамыз күні «Нефтихимиктен» 5:2 есебімен ұтылған болатын. 

Ө. Сансызбай