Янузай дортмундтық «Боруссияға» ауысты

Янузай дортмундтық «Боруссияға» ауысты
Фото: sports.ru

Ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубының жартылай қорғаушысы Аднан Янузай дортмундтық «Боруссияға» ауысты. Футболшы алдағы бір маусым бойы неміс ұжымының намысын қорғайтын болады.

«Қызыл сойқандар» Аднан Янузайды бір маусымға жалға берген. Футболшы дортмундтық клубтың алдағы ойынына қатысады деп күтілуде. Жаңа ұжым сапында 9-шы нөмірмен өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, 20 жастағы жартылай қорғаушы «Манчестер Юнайтедтің» негізгі құрамына 2013 жылы іліккен. Клуб сапында 60 ойын өткізіп, 5 гол соққан. 

Ө. Сансызбай