«Астана» топтық кезеңде «Атлетикомен» ойнайды

«Астана» топтық кезеңде «Атлетикомен» ойнайды
Фото: vk.com

Швейцарияның Ньон қаласында Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Елордалық "Астана" "С" тобында "Атлетико", "Бенфика" және " Галатасарай" клубтарымен ойнайтын болды.

Топтық кезеңдегі бірінші ойындар 15-16 қыркүйекте болады. "Астана" бірінші ойынын сырт алаңда "Бенфикаға" қарсы өткізеді. Топта бірінші және екінші орын алған клубтар плей-офф кезеңіне шықса, үшінші орын алған ұжым Еуропа лигасына өтеді. 

Жеребе қорытындысы:

"A" тобы

«ПСЖ» (Франция)

«Реал» (Испания)

«Шахтёр» (Украина) 

«Мальмё» (Швеция)

"B" тобы

ПСВ (Нидерланды)

«Манчестер Юнайтед» (Англия)

ЦСКА (Ресей)

"Вольфсбург" (Германия)

"С" тобы

«Бенфика» (Португалия)

«Атлетико» (Испания)

«Галатасарай» (Түркия) 

«Астана» (Қазақстан) 

"D" тобы

«Ювентус» (Италия)

«Манчестер Сити» (Англия)

«Севилья» (Испания)

"Боруссия М" (Германия)

"E" тобы

«Барселона» (Испания)

«Байер» (Германия)

«Рома» (Италия)

БАТЭ (Беларусь)

"F" тобы

«Бавария» (Германия)

«Арсенал» (Англия)

«Олимпиакос» (Грекия)

"Динамо Загреб" (Хорватия)

"G" тобы

«Челси»(Англия)

«Порту» (Португалия)

«Динамо» Киев (Украина) 

«Маакаби» Тель-Авив (Израиль)

"H" тобы

«Зенит» (Ресей)

«Валенсия» (Испания)

«Лион» (Франция)

«Гент» (Бельгия) 

Ө. Сансызбай