Александр Меркель ұлттық құрамаға үшінші рет шақырту алды

О Сансызбай Корреспондент
Александр Меркель ұлттық құрамаға үшінші рет шақырту алды
Фото ©️ kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Чехия және Исландия құрамаларына қарсы ойнайтын футболшылардың тізімін жариялады. Олардың қатарында Александр Меркель де бар.

БӨЛІСУ

Көктемде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ойнауға келісімін берген Александр Меркель асығар емес. Ұлттық құраманың наурыз айындағы Исландияға қарсы ойынына қатысады деп күтілген-ді. Кейіннен түрлі себептермен ойынға келмейтіні белгілі болды. Қазақстандық жанкүйерлер жартылай қорғаушыны Түркияға қарсы ойында көреміз бе деп күткен еді. Бірақ бұл ойынға да қатыспайтын болып шықты. Енді Чехия мен Исландияға қарсы ойынға да Юрий Красножан ойыншыны шақыртып отыр. Келу, келмеуін алдағы уақытта білетін боламыз. Футболшы бүгінде Италияның «Удинезе» клубының сапында жаттығып жүр. 

Қазақстан ұлттық құрамасына келесі футболшылар шақырылды:

Қақпашылар: Сергей Бойченко («Ордабасы»), Стас Покатилов («Ақтөбе»), Андрей Сидельников («Ордабасы»)

Қорғаушылар: Берік Айтбаев («Атырау»), Елдос Ахметов («Астана»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Марк Гурман («Қайрат»), Ермек Қуантаев («Қайрат»), Юрий Логвиненко («Ақтөбе»), Сергей Малый («Ордабасы»), Ғафуржан Сүйімбаев («Ордабасы»), Дмитрий Шомко («Астана»),

Жартылай қорғаушылар: Аслан Дарабаев («Қайрат»), Бауыржан Жолшиев («Астана»), Тимур Досмағамбетов («Тараз»), Георгий Жуков («Астана»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Ұлан  Қонысбаев («Қайрат»), Исламбек Қуат («Қайрат»), Жамбыл Көкеев («Қайрат»), Александр Меркель («Удинезе», Италия), Самат Смақов («Ертіс»)

Шабуылшылар: Таңат Нөсербаев («Астана»), Сергей Хижниченко («Ақтөбе»), Алексей Щеткин («Астана»)

Негізгі құрамның ойыншылары жарақат алған жағдайда қосымша тізімнің ойыншылары шақырту алады: қақпашы - Владимир Плотников («Қайрат»), қорғаушы – Ренат Абдулин («Ордабасы»), жартылай қорғаушы – Серікжан Мұжықов («Астана»), шабуылшы – Тоқтар Жаңғылышбай («Қайрат»).

Еске сала кетейік, Чехия құрамасына қарсы ойын 3 қыркүйек күні Плзеньде, ал Исландия құрамасымен ойын 6 қыркүйек күні Рейкьявик қаласында өтеді.