Педро «Челсиді» таңдады

О Сансызбай Корреспондент
Педро «Челсиді» таңдады
Фото ©️ vk.com

Каталондық «Барселона» клубының шабуылшысы Педро лондондық «Челсиға» ауысты. Бұл туралы ағылшындық клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Испандық шабуылшыға қызығушылық танытқан клубтар көп болды. Бірінші болып «Манчестер Юнайтед» қатарларына қосқысы келген болатын. Кейіннен «Манчестер Сити» де Педроға ұсыныс жасаған-ды. Бірақ бүгін белгілі болғандай, футболшы «ақсүйектердің» қатарын толықтырды. Келісімшарт мерзімі 4 жылды құрап отыр. Ал жылдық табысы туралы ақпарат жарияланған жоқ. Сондай-ақ, футболшы  бүгін клубтың бірінші жаттығу жиындарына  қатысты.

Педроның трансфер құны 30 миллион евроны құрап отыр. Ол каталондық клуб сапында 2007 жылдан бері өнер көрсетіп келген еді. 5 жыл ішінде 5 рет Испания чемпионы, 3 рет Чемпиондар лигасының, 3 рет УЕФА Суперкубогын, 2 рет клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.