«Астана» екінші кезеңді жеңіспен бастады (видео)

«Астана» екінші кезеңді жеңіспен бастады (видео)
Фото: vk.com

Футболдан ел премьер-лигасының екінші кезеңі басталды. Нақтырақ айтсақ, ХХІІІ турдың бірінші ойыны «Ақтөбе» мен «Астана» арасында өтті.

Ақтөбеде өткен ойында жергілікті команда қонақтарға 0:1 есебімен есе жіберді. Бірінші таймда қос клуб арасындағы тартыс тең дәрежеде өрбіді. Аса қауіпті сәттер орын ала қойған жоқ. Екінші таймда екі клуб ойыншыларының да гол соғуға мол мүмкіндігі болды. Нәтижесінде 81 минутта «Астана» ойыншылары алға шыға білді. Елордалық клубқа 3 ұпай сыйлаған голды Рохер Каньяс соқты.

Айта кетейік, ел премьер-лигасының бірінші кезеңінен кейін командалар екі топқа ажыратылған болатын. «Ақтөбе» мен «Астана» - чемпиондық атаққа таласатын бірінші топта.

Бүгін ХХІІІ тур ойындары өз жалғасын табады. Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен Алматының «Қайраты» кездеседі.

Ө. Сансызбай