"Абердин" "Қайрат" клубымен кездесуге арнайы жалдаған қазақстандық аудармашыға айыппұл салды

"Абердин" "Қайрат" клубымен кездесуге арнайы жалдаған қазақстандық аудармашыға айыппұл салды
Фото: tn.kz

Шотландиялық "Абердин" командасы Еуропа Лигасындағы алматылық "Қайрат" клубымен өтетін кездесуге жалдаған қазақстандық аудармашыға айыппұл салды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

"Абердин" үшінші квалификациялық раунд аясында Шотландияда өтетін ойынға тараздық мұғалім Ернар Ақшабаевты жалдаған. Ол қазір "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияда оқып жатыр.

"Жігітке "Абердин" клубының атынан баспасөз мәслихаттарында аудармашы болу үшін ақша төлеуге уәде берілген. Ол өзіне тиесілі ақшаны толығымен ала алмады. Шотландиялық клубтың басшыларының айтуынша, аудармашы "Қайрат" командасына жақтасқан, сондықтан айыппұл салынды", - деп жазылған клубтың ресми сайтында.

"Қайраттың" баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, Ақшабаев ақшасын толық алмаса да, өз жұмысына көңілі толған.

Еске сала кетейік, бұл кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Дегенмен, Алматыда өткен матчта 2:1 есебімен жеңген "Қайрат" Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шықты, ол енді Францияның "Бордо" командасымен ойнайды.

М. Бисембаева