«Астанаға» «АПОЭЛ» қарсылас атанды

«Астанаға» «АПОЭЛ» қарсылас атанды
Фото: massaget.kz

Футболдан Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне өткен елордалық «Астананың» қарсыласы белгілі болды. Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе қорытындысы бойынша Кипрдің «АПОЭЛ» клубымен ойнайтын болды. 

Станимир Стойлов шәкірттері артта қалдырған екі кезеңде де қарымта ойындарын өз алаңында өткізген болатын. Алайда плей-офф кезеңін елордалық клуб «Астана-Аренадан» бастайтын болды. Бірінші ойын 18 тамызда өтсе, шешуші кездесу 26 тамызға жоспарланған. Қос ойын қорытындысы бойынша жеңіске жеткен клуб Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады. Ал жеңіліс тапқан ұжым Еуропа лигасының топтық кезеңінде бақ сынайтын болады. 

Жеребе қорытындысы:

Чемпиондар тобы

«Астана» (Қазақстан) - «АПОЭЛ» (Кипр)

«Скендербеу» (Албания) - «Динамо Загреб» (Хорватия)

«Селтик» (Шотландия) - «Мальме» (Швеция)

«Базель» (Швейцария) - «Маккаби Тель-Авив» (Израиль)

«БАТЭ» (Беларусь) - «Партизан» (Сербия)

Үздіктер тобы

«Лацио» (Италия) - «Байер» (Германия)

«Валенсия» (Испания) - «Монако» (Франция)

«Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Брюгге» (Бельгия)

«Спортинг» (Португалия) - «ЦСКА» (Ресей)

«Рапид» (Австрия) - «Шахтер Донетцк» (Украина)

Ө. Сансызбай