Геннадий Головкин «Астананың» ойынын алаңнан тамашалады (видео)

Геннадий Головкин «Астананың» ойынын алаңнан тамашалады (видео)
Фото: vk.com

Қазақстанға арнайы ат басын бұрған отандасымыз Геннадий Головкин Чемпиондар лигасының үшінші кезеңіндегі «Астана» мен «ХИК» арасындағы ойынды алаңнан тамашалады.

Қазақстандық клубқа қолдау білдіріп боксшы жанкүйерлер мен операторлар назарынан тыс қалған жоқ. WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы атағына ие отандасымыз кезекті жекпе-жегі алдында Қазақстандағы туыстарына келген болатын.

Айта кетейік, Геннадий Головкин тамашалаған «Астана-Арена» стадионындағы «Астана» мен «ХИК» арасындағы 4:3 есебімен отандастарымыздың пайдасына шешілді. Станимир Стойлов шәкірттері қазақ футболы тарихында қарағандылық «Шахтердан» кейін еурокубоктың топтық кезеңінде бақ сынайтын екінші клуб болды. Ал Чемпиондар лигасының топтық кезеңі, әлде Еуропа лигасының топтық кезеңі екені плей-оффтағы қос ойынның қорытындысы бойынша анықталатын болады. 

Ө. Сансызбай