«Реал» «Audi Cup 2015» турнирінің финалына шықты

О Сансызбай Корреспондент
«Реал» «Audi Cup 2015» турнирінің финалына шықты
Фото ©️ vk.com

Футболдан Мюнхенде өтіп жатқан «Audi Cup 2015» халықаралық турнирінің финалына мадридтік бірінші болып шықты. Рафаэль Бенитес шәкірттері бірінші ойында лондондық «Тоттенхэмді» екі оп басымдығымен ұтты.

БӨЛІСУ

«Корольдік клуб» сапынан Криштиану Роналду мен Карим Бензема жарақатына байланысты алаңға шыққан жоқ. Қос шабуылшысыз да сәтті өнер көрсете білген мадридтік клуб қарсыластарының қақпасына жауапсыз екі гол соқты. 36 минутта Хамес Родригес есеп ашты. 79 минутта Гарет Бэйл бұрынғы командасының қақпасына гол соғып, есепті еселей түсті.

«Реал» финалда «Миланды» жеңген «Бавариямен» кездеседі. Финалдық кездесу мен үшінші орын үшін өтетін ойындар бүгін болады.

Айта кетейік, Мюнхенде өтіп жатқан «Audi Cup 2015» халықаралық турнирін «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетуде.