Диего Марадона Роналду мен Мессиді салыстырды

Диего Марадона Роналду мен Мессиді салыстырды

Аргентиналық футболшы Диего Марадона қазіргі футболдың үздіктері деп саналатын Криштиану Роналду мен Лионель Мессиді салыстырды.

Марадонаның ойынша, оның отандасы Роналдудан анағұрлым күштірек. Айта кетсек, "Алтын допқа" күрес дәл осы Барселона мен Реал шабуылшыларының арасында болатыны әбден ықтимал. 

"Роналду ешқашан Мессидің деңгейіне жетпейді. Мессиге португалдықтың жойқын соққсы қажет те емес, Лионель қарсыластарын тек жасаған дриблингімен алдап,  доппен жай ғана қақпа алдына дейін баруды біледі. Мен үшін мына айырмашылықтар өте маңызды: Месси гол соққан кезде, қуанып, әріптестерін, көрермендерді және өзін қошеметтейді, ал Роналду әлі күнге дейін сусабын жарнамалауда", - дейді Диего Марадона.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: ultipes.ru

Ж. FM