Қазақстан футбол федерациясының мобильді қосымшасы іске қосылды

Қазақстан футбол федерациясының мобильді қосымшасы іске қосылды
Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Мобильді қосымшаны ұялы телефон немесе планшетке «PlayMarket» пен «AppStore» жүйелері арқылы жүктеп алуға болады. Қосымшаның көмегімен қазақстандық жанкүйерлер жаңалықтарды ұялы телефон арқылы оқуға мүмкіндік алып отыр. Ұлттық құраманың құрамымен танысады. Ойын нәтижелері мен іріктеу турнирлерінің кестесін қарай алады. Сонымен қатар, ҚФФ-ТВ көрсетілімдері мен бейнешолуларын тамашалауға болады. Жанкүйерлердің ұлттық құрама ойыншыларының суреттерін жүктеп алуына да мүмкіндік бар.  

Ө. Сансызбай