Головкин – Лемье жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирде тамашалай алады

Головкин – Лемье жекпе-жегін қазақстандықтар тікелей эфирде тамашалай алады

Қазақстандықтар қазан айында өтетін отандасымыз Геннадий Головкин мен канадалық Давид Лемье арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде тамашалай алады. Бұл туралы «Қазақстан» ұлттық арнасының ресми сайты хабарлап отыр.

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин мен IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы Давид Лемье арасындағы кездесу 17 қазан күні өтеді. Нью-Йорктегі «Madison Square Garden» кешінінде болатын тартысты кездесу НВО арнасының РРV жүйесі бойынша АҚШ-та ақылы түрде көрсетілетін болады. Қазақстандық боксшы бұл жүйе санатындағы кездесуге алғаш рет шыққалы отыр.

Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін мамыр айында кіші Вилли Монроға қарсы өткізіп, 6 раундта жеңген болатын. Қазіргі таңда отандасымыз 33 кездесуінің 30-ын нокаутпен жеңіп, орта салмақта үздік боксшылардың бірі атанып отыр. Ал Давид Лемье болса осыған дейін 36 кездесу өткізіп, 34-інде жеңген. 31 кездесуін мезгілінен бұрын аяқтаған. 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Аммиак селитрасы тарихта бірнеше рет үлкен жарылысқа себеп болған
Аммиак селитрасы тарихта бірнеше рет үлкен жарылысқа себеп болған
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Қазақстанда 10 тамыз - Абай күні демалыс па?
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы
Instagram Reels – TikTok-тың жаңа аналогы