Қазанда су спортынан әлем чемпионаты басталды

Қазанда су спортынан әлем чемпионаты басталды
Фото: zimbio.com

Бүгін Татарстанның Қазан қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Рио Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынатын додаға қазақстандық спортшылар да қатысады.

75 жүлделер жиынтығы сарапқа салынатын дүбірлі додада әлемнің 190 елінен 2400-ге жуық спортшы бақ сынайды. Жарыс жолына шығатын спортшылар жүзуден, ашық суда жүзуден, синхронды жүзуден, ватерполдан, хай-дайвингтен және суға секіруден сайысқа түседі.

Қазақстандық спортшылар Қазандағы әлем чемпионатында 5 спорт түрі түрі бойынша жарыстарға қатысады. Атап айтар болсақ, ватерпол, суға секіру, жүзу, синхронды жүзу және ашық суда жүзу спорт түрлері бойынша жүлдеге таласады. Еліміздің бапкерлер құрамы жүзуден үш дүркін Азия ойындарының жеңімпазы, жазғы Универсиаданың екі дүркін чемпионы Дмитрий Баландинге үлкен сенім артып отыр. Сондай-ақ, жүзуден Азия ойындарының күміс жүлдегері Екатерина Руденко, синхронды жүзуден апалы-сіңлілі Немичтер, ватерполдан ерлер құрамасынан жүлде күтіліп отыр.

Айта кетейік, Қазандағы әлем чемпионаты 9 тамызға дейін жалғасады. Осыған дейін Қазақстан су спортынан 2020 жылы өтетін әлем чемпионатын Астанада өткізуге өтініш берген еді. FINA дауыс беру қорытындысы бойынша жарыс Астанада емес, Абу-Дабиде (Катар) өтетін болды.

Ө. Сансызбай