Қазақстандық жеңіл атлет Универсиада чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
Қазақстандық жеңіл атлет Универсиада чемпионы атанды
Фото ©️ gwangju2015.com

Қазақстандық жеңіл атлет Виктория Зябкина Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз 100 метрлік қашықтыққа жүгіруде бірінші болып келді.

БӨЛІСУ

Виктория Зябкина 100 метр қашықтықты 11,23 секундта бағындырды. Екінші болып мәре сызығын ямайкалық желаяқ Шимайла Кристал Уильямс кесті. Ол бұл қашықтықты 11,46 секундта жүгіріп өтті. Қола жүлде ресейлік Елена Козловаға (11,47 секунд) бұйырды.

Айта кетейік, Виктория Зябкина Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салып отыр. Осыған дейін 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин чемпион атанған болатын. Сондай-ақ қазақстандық спортшылардың еншісінде 3 қола жүлде де бар. Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 20-шы орында келеді. Жазғы Универсиада 14 шілде күні аяқталады.