«Реал» ойыншысы Мессиді «жатғаламшарлық» футболшы ретінде бағалады

«Реал» ойыншысы Мессиді «жатғаламшарлық» футболшы ретінде бағалады
Фото: titular.cl

Мадридтік «Реал» мен Колумбия ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Хамес Родригес аргентиналық футболшы Неймарды «жатғаламшарлық» футболшы ретінде бағалады. Қазіргі таңда екі футболшы да Чилидегі Америка кубогы додасына қатысуда.

- Месси – өзге ғаламшардан келген ойыншы. Ол – өте мықты. Менімен Мессиді қарсы қойып, бірімізден-бірімізді төмендетудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, Аргентина - Колумбия кездесуін екеуіміздің ғана текетіресіміз деп бағалау қателік. Себебі, Аргентина құрамасы өте мықты ойыншылардан жасақталған, - деді футболшы.

Осыған дейін Хамес Родригес «Барселонаның» бразилиялық шабуылшысы Неймарды футболдағы қайталанбас тұлға ретінде бағалаған болатын.

Айта кетейік, Америка кубогының плей-офф кезеңінде Аргентина мен Колумбия құрамаларының жолы түйісті. Қос құрама арасындағы тартысты кездесу 27 шілде күні өтеді.  

Ө. Сансызбай