Ярослава Шведова «Ролан Гарростың» жұптық кезеңінде финалға шықты

О Сансызбай Корреспондент
Ярослава Шведова «Ролан Гарростың» жұптық кезеңінде финалға шықты
Фото ©️ vk.com

Теннистен Франция ашық біріншілігінің («Rollan Garros») жұптық кезеңінде бақ сынап жатқан қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен австралиялық Кейси Делакуа финалға шықты.

БӨЛІСУ

Жартылай финалда Ярослава Шведова мен Кейси Делакуа ресейлік теннисшілер Екатерина Макарова мен Елена Веснинаны жеңді. 1 сағат 11 минутқа созылған ойынның бірінші сетінде 6:3 есебімен басым түссе, екінші сетті 6:2 нәтижесімен аяқтады. Жұп құрап өнер көрсетіп жатқан қазақстандық және австралиялық теннисшілер финалда АҚШ теннисшісі Бетани Маттек-Сандс және чех Луция Шафаржова жұбымен кездеседі. Шешуші ойын 7 маусым күні өтеді.

Осыған дейін әйелдер арасында Луция Шафаржова мен Серена Уильямс финалға шыққан болатын.

Айта кетейік, Ярослава Шведова мен Кейси Делакуа жұбы мамыр айында өткен Мадридтегі халықаралық турнирде жеңімпаз атанған болатын.