Қуат «Найман» Хамитов «ONE FC» турнирінде жеңіліп қалды (видео)

Қуат «Найман» Хамитов «ONE FC» турнирінде жеңіліп қалды (видео)
Фото: vk.com

Аралас жекпе-жектен Сингапурдегі «ONE FC» турнирінде қазақстандық Қуат Хамитов америкалық Лоужн Тайнанестен ұпай айырмасымен ұтылып қалды.  

Бірінші раундтан бастап сылбыр қимылдаған отандасымыз тек қорғанысты назарға алумен болды. Ширақ қимылдауға тырысқан америкалық спортшы өз ұстанған жүйесін жүзеге асыра білді. Үшінші раундта барып қана әдіс-тәсілін еске түсірген «Найманның» жолы болмады. Қарсыласының қателігін аңғарғанмен, өз пайдасына шеше алмады. Нәтижесінде ширақ қимылдаған Лоужн Тайнанес төрешілер шешімімен жеңіске жетті. 

Ө. Сансызбай