Қазақ күресі спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы құрамына енді

Қазақ күресі спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы құрамына енді
Фото: vesti.kz

Қазақ күресі спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы құрамына кірді. Бұл туралы бүгін «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті Арман Төлегенұлы Шораев хабарлады.

Алматыдағы «Royal Tulip» қонақүйінде өткен баспасөз мәслихатында Арман Шораев қазақ күресінің дамуы жолында тағы бір маңызды жобаның қолға алынғанын қуанышпен хабарлады.

- Бүгін қазақ күресі федерациясы маңызды шешімдердің бірін қабылдады. Бәріңіз білетіндей, елімізде спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы бар. Оған Олимпиада бағдарламасына енетін 5 спорт түрі топтастырылған. Тимур Құлыбаев басқаратын конфедерация және біздің федерация өзара келісімге келіп, қазақ күресі спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы құрамына енді. Бұл қазақ күресінің ілгерілеп дамуындағы тағы маңызды шешім мен жаңа серпіліс деп айтуға болады, - деді Арман Шораев.

Айта кетейік, 2015 жылғы «Қазақстан барысы» 5 шілде күні Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық велотрек кешенінде өтеді.

Ұқсас жазба

2015 жылғы «Қазақстан барысы» қандай жүйеде өтеді?

Ө. Сансызбай