«Ақтөбе» премьер-лигада бірінші орынға шықты (видео)

«Ақтөбе» премьер-лигада бірінші орынға шықты (видео)

Футболдан ел премьер-лигасының Х тур ойындары мәресіне жетті. Өз алаңында Павлодардың «Ертіс» клубын жеңген «Ақтөбе» турнир кестесінде бірінші орынға шықты.

Жаңа маусымдағы ел чемпионаты қыза түсуде. Тартысты кездесулер мен күтпеген нәтижелер көптеп тіркелуде. Ал турнир кестесіндегі клубтардың ұпайлары бір-бірінен аса алшақ емес.

Х тур қорытындысы бойынша Владимир Газзаев жаттықтыратын «Ақтөбе» алға шықты. «Ертіспен» өткен ойында алаң иелерінің жеңіске жетуіне септігін тигізген голдарды Аделейе мен Маркос Пизелли соқты. Ал ойында бірінші болып «Ертіс» сапынан Аристанде Бансе есеп ашқан еді.

Шымкентте өткен «Ордабасы» мен «Жетісу» арасындағы кездесуде есеп ашылмады. Дәл осындай нәтиже Қызылордадағы «Қайсар» мен «Қайрат» ойынында да тіркелді.

Таразда Евгений Яровенко жаттықтыратын жергілікті ұжым Көкшетаудың «Оқжетпес» клубымен тең тарқасты. Алаң иелері сапынан Абзал Таубай гол соқса, қонақтарды Әлібек Бөлешовтың голы жеңілістен аман алып қалды.

Өткен маусымда ел чемпионы атанған «Астана» Х турда ірі есеппен жеңіске жетті. «Астана-Аренада» Қостанайдың «Тобыл» клубымен ойнаған алаң иелері 4:0 есебімен басым түсті. Стонимир Стойлов шәкірттері қатарынан Дмитрий Шомко, Танат Нөсербаев, Фокси Кетевоама және Бауыржан Жолшиев гол соғып көзге түсті.

Соңғы төрт ойында «Атыраудың» асығы алшысынан түсіп келеді. Бүгін батысқазақстандық клуб өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» 1:0 есебімен жеңді. Ойындағы жалғыз голды 58 минутта Ги Стефан Эссаме пенальтиден соқты. 

Орын   Клубтар Тур  Ойын    Жеңіс Тең  Голдар    Ұпай
1  "Ақтөбе" 10 5 5 0 11-4 20
2  "Қайрат" 10 5 3 2 20-7 18
3  "Астана" 10 5 3 2 18-10 18
4  "Ордабасы" 10 4 6 0 11-5 18
5  "Атырау" 10 5 3 2 12-10 18
6  "Тараз" 10 4 2 4 9-7 14
7  "Оқжетпес" 10 4 1 5 11-15 13
8  "Қайсар" 10 2 6 2 5-6 12
9  "Ертіс"
10 1 5 4 11-15 8
10  "Тобыл" 10 2 2 6 8-19 8
11  "Жетісу" 10 1 4 5 5-12 7
12  "Шахтер" 10 1 2 7 7-18

5

 

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы