Футболдан ел кубогының ширек финалына шыққан клубтар анықталды (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Футболдан ел кубогының ширек финалына шыққан клубтар анықталды (видео)
Фото ©️ kpfl.kz

Футболдан Қазақстан Республикасы кубогының ширек финалына шыққан барлық клубтар белгілі болды. Жеребе тастау рәсімі бүгін өтеді.

БӨЛІСУ

Қызылорданың "Қайсар" клубы ширек финалға бір күн бұрын шыққан болатын. Олар өз алаңында Семейдің "Спартак" клубын 1:0 есебімен жеңген еді.

Қостанайдың "Тобыл" клубы өз алаңында "ЦСКА" ұжымын 2:1 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Өткен маусымда ел чемпионы атанған «Астана» сырт алаңда "Екібастұздан" 2:3 есебімен басым түсті. Талдықорғандық "Жетісу" да сырт алаңда Бауыржан Тұрысбектің соққан голының арқасында ширек финалға жолдама алды.

Бұл маусымда жеңілмей келе жатқан шымкенттік "Ордабасы" кубок жолындағы ойындардан тыс қалды. Өз алаңында "Таразға" 0:1 есебімен есе жіберіп алды. Ал "Ақтөбе" болса түзде "Ақжайықты" 0:5 есебімен ойсырата жеңді.

Қарағандылық "Шахтер" да ел кубогындағы ойындарын аяқтады. Өз алаңында Көкшетаудың "Оқжетпесіне" қосымша уақытта 1:2 есебімен ұтылды. Ал алматылық "Қайрат" өз алаңында Павлодардың "Ертісін" пенальти сериясында қапы қалдырды.

Қазақстан кубогы. 1/8 финалы. 29 сәуір

"Қайсар" (Қызылорда) – "Спартак" (Семей) – 1:0

Гол: Куцов, 50-автогол


"Тобыл" (Қостанай) – ЦСКА – 2:1

Голдар: Оразаев, 9-пенальтиден. (0:1). Елмұрзаев, 44 (1:1). Бугаев, 60 (2:1).


"Ақжайық" (Орал) – "Ақтөбе" – 0:5

Голдар: Коробкин, 11. Жалмұқан, 21. Дмитренко, 42. Жалмұқан, 46. Антонов, 78.

"Ордабасы" (Шымкент) – "Тараз" – 0:1

Гол: Тоғызбай, 63.

"Екібастұз" – "Астана" – 2:3

Голдар: Твумаси, 12 (0:1). Щеткин, 35 (0:2). Твумаси, 53 (0:3). Әубәкіров, 69 (1:3). Дүйсембаев, 89 (2:3).

"Шахтер" (Қарағанды) – "Оқжетпес" (Көкшетау) – 1:2 /қосымша уақытта/

Голдар: Смейкал, 6-автогол (1:0). Роткович, 53 (1:1). Сақалбаев, 98 (1:2) 

"Атырау" – "Жетісу" (Талдықорған) – 0:1

Голдар: Тұрысбек, 78.

"Қайрат" (Алматы) – "Ертіс" (Павлодар) – 0:0 /пенальтиден – 4:1/