Күрес түрлерінен Рио Олимпиадасының електік кезеңі Астанада өтеді

О Сансызбай Корреспондент
Күрес түрлерінен Рио Олимпиадасының електік кезеңі Астанада өтеді

Күрес түрлерінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарының Азиядағы електік турнирі Астанада өтетін болды. Жарыс келер жылдың 18-20 наурыз аралығына жоспарланған.

БӨЛІСУ

2014 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионаты барысында Қазақстан күрестің үш түрінен де Олимпиада ойындарының електік турнирін Астанада өткізуге ниетті екендіктерін білдіріп, өтініш берген еді. Електік кезеңді өткізуге өзге елдер де ниетті болды. Ал соңғы сәтте Астана мен Улан-Батор қалалары таласқа түсті. Нәтижесінде бүкіләлемдік күрес одағы (United World Wrestling – UWW) Қазақстанда өткенді жөн деп тапты. Азияның електік турнирі елордада өтіп, Рио Олимпиадасының жолдамалары қазақ боз кілемінде сарапқа салынатын болды.

Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарының Азиядағы електік турнирі Астанада өткені көңілге қуаныш ұялатады. Қазақ балуандары өз боз кілемінде намысты қолдан бермей, жолдама жолында жарқын жеңістерге жетеді деген сенімдеміз. 

Сурет: vk.com