Роналду спорттық мансабында алғаш рет 5 гол соқты (видео)

О Сансызбай Корреспондент
Роналду спорттық мансабында алғаш рет 5 гол соқты (видео)

Футболдан Испания чемпионатының 29-тур ойындарында мадридтік «Реал» өз алаңында «Гранаданы» 9:1 есебімен ойсырата жеңді. Ал Криштиану Роналду болса спорттық мансабында алғаш рет бір ойында 5 гол соғып, көзге түсті.

БӨЛІСУ

«Корольдік клуб» бүгін өз ойын мәнерін тапты. Алаңға негізгі құрам ойыншыларын шығарған Карло Анчелотти жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйлады. Криштиану Роналду (36 гол) пента-трик авторы атанып, үздік сұрмергендер көшінде Лионель Мессиді (32 гол) басып озды. Карим Бензема дубль авторы атанса, Гарет Бэйл бір допты еншісіне жазды. Ал «Гранада» қақпасында тулаған сегізінші голды Майнц өз қақпасына енгізіп алды. Қонақтардың да бір гол соғуға қауқары жетті. 74-минутта Ибаньес Касильяс қорғаған қақпадан саңылау таба білді. Нәтижесінде «корольдік клуб» маусымдағы әрі өз тарихындағы ірі есеп айырмасымен аяқталған жеңістерінің бірін тіркеді.

Айта кетейік, гранадалық клубты жеңген «Реал» турнир кестесінде екінші орында келеді. Ал бір ұпайы артық «Барселонаның» әлі бір ойыны кем. Каталондық клуб бүгін түнде «Сельтада» қонақта ойын өткізетін болады. Кездесу Астана уақытымен түнгі сағат 01:00-де басталады. 

Cурет: Getty Images