Волейболдан батысқазақстандық қыздар чемпион болды

Волейболдан батысқазақстандық қыздар чемпион болды

Алматы қаласында волейболдан 1997-1998 жылғы қыздар арасында ел чемпионаты аяқталды, – деп жазады inform.kz.

Батысқазақстандық бапкер Көлеңке Ғұбашевтің хабарлауынша, біріншілікке Қазақстанның барлық мықты командалары қатысты. Олардың ішінде өткен жылғы ел чемпионы Петропавл спортшылары, күміс жүлдегер «Ертіс-Казхром» (Павлодар), Қазақстан жастар құрамасының негізгі командасы болып есептелетін Алматы қаласының «Спорт академиясы» бар. Бірінші ойында Оралдың «Грация-KZ» командасы павлодарлықтармен алаңға шығып, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Содан кейін Алматы, Шымкент, Ақтау, Петропавл командаларын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ең соңғы кездесуде оралдық қыздар Талдықорғанның «Жетісу-2» командасын 3:1 есебімен ұтып, ел чемпионы атанды.

сурет: mosi.ru

Е. Қайрахан