Гамбург қаласы 2024 жылы жазғы Олимпиада өткізуге үміткер атанды

Гамбург қаласы 2024 жылы жазғы Олимпиада өткізуге үміткер атанды

Германияның Гамбург қаласы 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарын өткізуге үміткер атанды. Бақталастық кезінде неміс қаласы елдің бас шаһары - Берлиннен 7 дауыс артық жинап, алға шықты.

«Бұл оқиға біз үшін ойламаған жерден болды. Дауыс бергендердің ойы әртүрлі болғанымен, дауыс жағына келгенде Гамбург басымдылық танытып отыр», - дейді Германия Олимпиада конфедерациясының президенті Альфонса Германн.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы жазғы Олимпиада ойындарын Рио-де-Жанейро қаласы қабылдаса, Токио қаласы 2020 жылғы ойындарды Жапонияда өткізу мүмкіндігін жеңіп алған болатын.

Сурет: livejournal.com

 Оқи отырыңыз:

«Adidas» әлемде 300-ге жуық сауда орындарын жабады

«Барселона» «Реал» стадионында ойнағысы келеді

Отбасы мен спортты қатар алып жүрген аяулы аналар

B. ZHAQSYMBET