• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Зарина Диас Индиан-Уэллс турнирінде Серена Уильямсқа есе жіберді

Зарина Диас Индиан-Уэллс турнирінде Серена Уильямсқа есе жіберді

Қазақстандық ракетка Зарина Диас жүлде қоры 5,3 миллион доллардан асатын Индиан-Уэллс теннис турнирінің төртінші кезеңіне өте алмады, -  деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

Үшінші айналымда әлемдік рейтингте 32-орында тұрған Зарина Диас әлемнің бірінші ракеткасы, америкалық Серена Уильямспен кездескен еді. 55 минутқа созылған матч 6:2, 6:0 есебімен аяқталды. Америкалық теннисші жеңіске жетті. 

Серена Уильямстың келесі қарсыласы Светлана Кузнецова (Ресей) - Слоан Стивенс (АҚШ) жұбының жеңімпазы болады.

сурет: radikal.ru

Е. Қайрахан
Logotype Massaget